"Астана-АЭК" тарифтерін көтеруге өтініш әзірлеп жатыр.
Астанада электр қуатына арналған тарифтердің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағасы бекітілді. Тарифтерді жыл сайын жоспарлы түрде көтеру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тариф кезең-кезеңімен өсіп отырады:
- 2026 жылы – 1 кВт/сағ үшін 8,86 теңге (2025 жылы – 7,53 теңге);
- 2027 жылы – 9,31 теңге;
- 2028 жылы – 9,71 теңге;
- 2029 жылы – 10,12 теңге;
- 2030 жылы – 10,56 теңге.
"Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ энергиямен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеруге өтінім дайындап жатыр. Тариф деңгейі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға жеткізіледі, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады", – деп хабарлады компания өкілдері.
Мамандар тарифтердің өсуін электр желілеріне жүргізілетін жаңғырту жұмыстары мен жүйеге түсетін күштің артуымен түсіндірді.
Ал, тариф бойынша түпкілікті шешім әлі де талқыланып, қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін қабылданады.