Бүкіләлемдік бокс кеңесі – World Boxing Council (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингін жария етті.


Аталған тізімде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің де орны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орта салмақта қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі көшбасшылық позициясын жоғалтпады. Десе де, бұл дивизионның толыққанды чемпионы – доминикалық Карлос Адамес. Екінші орын кубалық Йоэнлис Эрнандеске тиесілі. Үздік үштікке франциялық Билал Джкиту жайғасқан.

Өкініштісі сол, жартылай орта салмақтағы қазақ боксшысы Данияр Елеусінов WBC рейтингінен шығып қалды. Осыған дейін ол аталған дивизионда 37-орында тұр еді.

Сол секілді, екінші жартылай жеңіл салмақтағы тағы бір қазақстандық Бекман Сойлыбаев рейтингте құлдилап, 34-орыннан 4 саты төмендеді.

Бұған дейін "Қамшыбек Қоңқабаев 4 жылдық үзілістен соң қайта рингке оралмақ" деген тақырыпта материал жариялаған едік.