Маңғыстау облысында екі өрт сөндіру пункті ашылды. Төтенше жағдайлар бекеттері шалғайдағы Үштаған және Сайөтес ауылдарында орналасқан.
Құтқарушылар енді тәулік бойы кезекшілікте болады. Жаңа нысан қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Мысалы, Үштағанда орналасқан бекет екі мың тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Көршілес Жарма, Сазды елді мекендерін де қамтиды. Аудан орталығынан 126 шақырым жердегі Сайөтес тұрғындары үшін де бұл көптен күткен жаңалық болды.
Нұрлыбек Айжарықов, ТЖД Бастығының орынбасары:
- «Ауыл құтарушылары» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының шалғай жатқан елді мекендерінде 8 өрт сөндіру бекеті жүзеге асырылды. Бұл біріншіден төтенше жағдай немесе өрт болған жағдайда аудан орталығынан емес, дер кезінде осы елді мекендерде орналасқан өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамы барып, өз жұмыстарын жүргізетін болады.