Қытай Тайвань айналасында ауқымды әскери жаттығуларын бастады.

Оған құрлық әскері, әскери-теңіз күштері, авиация және зымыран бөлімшелері жиналды. Жаттығулар Тайваньның тәуелсіздікке ұмтылған саяси күштеріне ескерту ретінде өтіп жатыр. Қытай әскери басшылығы арал маңындағы бес аймақты белгілеп, уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады. Тайвань қорғаныс министрлігінің дерегінше, кейінгі тәулікте арал маңында Қытайдың екі әскери ұшағы мен 11 кемесі жүр. Бұған дейін Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Тайваньға шабуыл жасалса, бұл Жапония қауіпсіздігіне де қатер төндіруі мүмкін екенін мәлімдеген еді.