Кариб теңізінде 4,5 тонна кокаин тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны — 216 млн доллар.

Колумбияның әскери-теңіз күштері Гондурасқа бет алған қайықты тоқтатып, 180 қап тыйым салынған заттарды қолға түсірді. Бес адам ұсталды.

Билік олардың қаруланған қылмыстық топпен байланысы бар деп есептейді. Құқық қорғаушылардың бағалауынша, қара нарыққа кемінде 11 миллион доза есірткі жіберілмеді.