Колумбияда мектеп автобусы 80 метрлік биіктен құлап, 17 адам опат болды.

Тағы 20 жолаушы жарақат алды. Жергілікті билік өкілдері автобус Толу қаласынан Медельинге қайтып бара жатқанда апатқа ұшыраған. Көлікте 45 адам мектеп оқушылары мен жетекшілер болған. Апатқа себеп — таулы аймақтың бірінде жүргізуші рульге ие бола алмай, автобус жолдан шығып кеткен. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.