Қоғамдағы проблемаға үнемі өзгені айыптайтын және керісінше, айналасында болып жатқан кез келген жағдайға бей-жай қарай алмайтын, бірден «мен не істей аламын?» деп ойлайтын адамдар болады. Екінші топты қоғамның жүрегі десек те артық болмас. Олар туралы күнде айтып, іс-әрекетін сәт сайын насихаттасақ та көптік етпейді. Бүгінгі бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёрлер анықтаған заңсыздықтар туралы айтамыз.