Елордада Astana Media Week — 2025 форумы жұмысын бастады. Биылғы медиа апталық жасанды интеллект тақырыбына арналды . Форумға отандық және халықаралық сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Олар жаңа технологиялар кезеңінде журналистиканың дамуы мен медиаиндустриядағы тәуекелдер жайлы пікір алмасты. Форумның бірінші пленарлық отырысы аяқталды.
ASTANA MEDIA WEEK биыл 9-ші рет өтіп жатыр. Қатысушылар саны мыңнан асты. 65 спикер сөз сөйлейді. Елдің түкпір-түкпірінен барлығы жүзге жуық БАҚ өкілдері келді. Еуропа, Әзербайжан, Қытайдан келген журналистер бар. Қатысушылар 3 күн бойы медиа саласының көкейкесті проблемаларын талқылап, шешімдерін ұсынады. Бұдан бөлек, әлемдік массмедиадағы соңғы үрдістер жайлы пікір алмасты.
Бірінші отырыс жаңа ғана аяқталды. Ол ақпарат саласындағы өзекті мәселелерге арналды. Мәселен, жасанды интеллекті көмегімен дайындалған жалған ақпаратпен және манипуцляциямен күрес жайлы айтылды. Медиаменеджерлер, жасанды интеллект ақпаратсыз жұмыс істей алмайды. Сайып келгенде ол ақпаратты жинап, тарататын журналистер деген ой білдірді. Жалпы Astana Media Week бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Журналистер мен медиа интустрия мамандары аналитика, талдау, тың технологиялар, ақпаратты өңдеу төңірегінде пікір алмасты. Форум аясында деректі фильмдерді түсіру бойынша режиссёрлерге, операторлар, жарық қоюшыларға арналған шеберлік сағаттары. Өңірлік баспасөз хатшыларына арналған ризис коммуникация бойынша мастер-класстар өтеді. Басты миссия — медиа мен жасанды интеллектінің жұмысын реттеу.