Велосипедпен келе жатқан жігітті такси көлігі қағып кеткен.
Түркияның Анталия қаласына қарасты Серік ауданында жол апатынан 27 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 03:00 шамасында Серік ауданына қарасты туристік жолда болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, велосипедпен келе жатқан 27 жастағы Құбат Аманбековті такси көлігі қағып кеткен.
Соққының қатты болғаны соншалық велосипедші жолға ұшып түсіп, ауыр жарақат алған.
Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Құбат Аманбеков оқиға орнында қайтыс болғаны айтылған.
Түркия басылымы марқұм жігіттің бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істегенін жазды. Такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, түсініктеме алу үшін ұсталды.
Оқиға бойынша тергеу басталды.