Англияның Кембридж қаласы маңында белгісіз ер адам жолаушыларға пышақпен шабуыл жасап, 10 адам ауыр жарақат алды.

Оқиға Донкастерден Лондонға бағыт алған пойызда болды. Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Қаскөйдің мұндай әрекетке неге барғаны әлі белгісіз. Оқиға орнында тергеу жұмысы жалғасып жатыр.