Лондонда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық бойынша келіссөз басталды.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Қытай делегациясын премьердің орынбасары Хэ Лифэн, ал Америка жағын Сауда министрі Говард Латник пен Қаржы министрі Скотт Бессент бастап барды. Басқосу жуырда Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлескеннен кейін ұйымдастырылып отыр. Өткен айда Женевада өткен келіссөзден кейін АҚШ қытайлық тауарларға баж салығын 145-тен 30 пайызға, ал Бейжің Вашингтонға тарифті 125-тен 10 пайызға дейін төмендеткен еді. Сарапшылар екі алпауыт елдің сауда бойынша текетіресі саяси шиеленіске ұласуынан қауіптенеді. Халықаралық Валюта қорының мәліметі бойынша, 2029 жылға қарай Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің экономикалық өсімі жаһандық жалпы ішкі өнімнің 70 пайызына тең болады. Сарапшылардың пікірінше, Президент Дональд Трамп осы тұста Қытайдың ықпалын әлсіретуге күш салып отыр.