2025 жылы елімізде құс еті өндірісі 360 мың тоннаға жетті. Соның нәтижесінде ішкі нарықтың 82 пайызы отандық өніммен қамтылды.
Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 65 пайыз ғана болған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2027 жылға қарай елді құс етімен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар құс етінің тұтынылуы да айтарлықтай артты. 2000 жылы бар болғаны 53 мың тонна болса, 2024 жылы 453 мың тоннаға жетті. Яғни 8,5 есе өскен. Бүгінде өндірілген құс етінің 97 пайызы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріледі.
Құс еті өндірісі — 360 мың тонна
2025 жылы ішкі нарықты қамтамасыз ету — 82%
2023 жылы ішкі нарықты қамтамасыз ету — 65%
Тұтыну көлемі:
2000 ж — ₸ 53,2 мың
2024 ж — ₸ 453,7 мың
 
                         
                                 
                                             
                                             
                                            