Газа секторындағы атысты тоқтату туралы декларация ресми түрде бекітілді. Небәрі 2 сағатқа жалғасқан отырыста 2 жылдан астам уақытқа созылған қақтығыс ресми аяқталды. Бұл Газа секторы көптен күткен бейбіт күн. Тарихи құжатта Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты аяқтау жолындағы «ережелер» бекітілді. Дональд Трамп бұл күнді «бүкіл әлем мен Таяу Шығыс үшін ұлы күн» деп атады.