Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллардан астам қаржы керек. Бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы хабарлайды. Ең көп зардап шеккен солтүстік аудандар.
2023 жылдың қазан айынан бері еврей әскерінің шабуылынан ғимараттардың 90 пайызы қираған. Сектордағы қақтығыс ауыл шаруашылығына 2 млрд доллар көлемінде шығын келтірді. Ал өңірдегі егістік алқаптарының 87 пайызы жойылған.