Ақтөбе облысында үш күнде жүзден аса киік қырылды. Қайрақты өзенінен өту кезінде жануарлар бір-бірін таптап кеткен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының айтуынша, көші-қон кезінде Қайрақты өзеніне 10 мыңға жуық киік келген.

"Қырылған киік саны анықталды: 108 бас, оның ішінде 65-і — аталық және 48-і — аналық. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша жануарлар Қайрақты өзенінен өту кезінде бір-бірін таптап кеткен. Қырылған жануарлардан және судан сынама алынды", — деді Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев.

Ресми мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында 300 мыңнан аса киік бар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget