Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде жөндеу басталады.
Құрылыс жұмыстарына қарамастан бекеттің қызметін тоқтаған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба аясында әкімшілік ғимарат, инспекциялық тексеру кешендері, тереңдетілген бақылау ангары және қызметтік иттерге арналған арнайы панажай салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысандағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Су құбырын тарту жұмыстары да соңғы кезеңге жетті.
Мердігерлердің айтуынша, қажетті металл конструкциялары Ақтөбе қаласындағы зауытта дайындалып, құрылыс алаңына кезең-кезеңімен жеткізілуде. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бұрынғы ескі ғимараттар толықтай сүріліп, бүгінге дейін 151 мың шаршы метр аумақта жер жұмыстары атқарылды. Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтты.
Жоба іске қосылғаннан кейін шекарадағы көлік өткізу қабілеті артып, бақылау жүйесі заманауи форматқа көшпек.