Астанадан Франкфуртқа ұшып шыққан ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, 8 мамырда Астана — Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11:34-те Ақтөбеге қонған.
"Әуе кемесінің экипажы қауіпсіздік рәсіміне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компаниясы Алматыдан ұшақ жіберді. Рейс бүгін сағат 14:20-ға жоспарланған. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі — әуе компаниясының басты басымдығы", — деп жазылған хабарламада.
Әуе компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!