Жыл басынан бері Еуропада 1 миллион гектарға жуық орман алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Мамандардың айтуынша, өрттің жиілеуіне аптап ыстық пен ұзаққа созылған қуаңшылық себеп болып отыр. Ең көп зардап шеккен елдер қатарында Грекия, Испания, Албания, Ұлыбритания және Кипр тұр. Тілсіз жаудың салдарынан ауа да ластанып кетті. Өрттен бөлінген көмірқышқыл газының мөлшері 37 млн тоннаға жетті. Әсіресе, Португалия мен Швециядағы өрттер кезінде зиянды газ көп бөлінді. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр орман өрті әлем экономикасына 300 млрд доллар шығын келтірді.