Ауыр атлетикадан Астанада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Бұл жарыс – Ұлттық құрама үшін табысты болды. Спортшыларымыз бас-аяғы 50 жүлде жеңіп алды. Оның 21-і алтын, 12-і күміс, 17-і қола медаль. Отандастарымыз бірнеше рет құрлық рекордын да жаңартты. Чемпионаттың соңғы күнінде әйелдер аса ауыр салмақта сынға түсті. Ел намысын Сания Орманбаева қорғады. Жұлқа көтеруде 92, серпе көтеруде 120 келіні бағындырды. Қос сайыс нәтижесі бойынша 212 келі көтерген ол, бесінші орыннан көрінді.
Асылбек Данияр