Қазақстандық спортшылар Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық жұп Хакан Ышық/Өзге Йылмаз (Түркия) жұбын 3:2, Эдвард Ли/Мо Чжан (Канада) тандемін 3:0, сондай-ақ, Анастасиос Риниотис/Элисавет Терпу (Грекия) жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget