Алаяқтар енді балалар арқылы ересектердің банк картасы туралы мәлімет жинауға кіріскен. Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады. Әккілер өздерін ойын әкімшісі немесе компания өкілі ретінде таныстырып, балаларға сыйақы береміз деген желеумен ата-анасының немесе үйдегі ересектердің банк деректерін сұратады. Осыған байланысты Ұлттық банк ата-аналарға балаларымен ашық сөйлесіп, жеке ақпаратты бөтен адамдарға беруге болмайтынын түсіндіруді және мобильді құрылғыларға ата-ана бақылауын орнатуға кеңес береді.
Динара Жарқынбек