Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Қайғылы оқиға 26 мамырға қараған түні сағат 00:10 шамасында Жезқазғандағы Сарыарқа мен Абай көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, жеңіл көлік бағдаршам алдында тұрған автобустың артына келіп соғылған. Қатты соққының әсерінен жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 11 адам болған, олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.