Чилиде жаңа президент сайланды. Енді мемлекет басшысының қызметін 59 жастағы ультраконсерватор Хосе Антонио Каст атқарады.

Ол сайлаудың екінші кезеңінде 58,3% дауыс жинап, жеңіске жетті. Ал оның басты бәсекелесі – бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Жанетт Хара сайлаушылардың 41,7%-ның қолдауына ие болған. Хосе Антонио Каст — оңшыл көзқарасымен танымал саясаткер. Бұған дейін ол шекараларда қабырға салып, қылмыс деңгейі жоғары аудандарға әскер кіргізуге және елдегі барлық заңсыз мигранттарды депортациялауға шақырған еді.