Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға үкім шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшыға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Екi немесе одан көп адамға қатысты жасалған билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша айып тағылды.
15 желтоқсанда сот Дәулет Шабанбайды кінәлі деп тапты. Оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
©️ Tengrinews.kz
Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!