Қазақстандық ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық обырға қарсы препаратты әзірлеуші, NU профессоры Дос Сарбасов 2026 жылы клиникалық сынақтар жаңа, шешуші кезеңге көшетінін жариялады. Бұл кезең ең қатерлі саналатын KRAS-мутациялы ісіктерімен күресте препараттың тиімділігін дәлелдеуі керек.
Үкіметтің баспасөз қызметі
"Бұл препаратты стандартты химиялық терапияның алдында қолданамыз деген ең маңызды шешімге келдік. Бұған дейін науқастар оны физикалық тұрғыдан әлсіреген кезде, яғни стандартты химиялық терапияның бірнеше кезеңінен кейін қолданатын едік. Жаңа тәсіл арқылы препараттың ісік пен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ, препаратты адам ағзасы қаншалық көтеретінін анықтай аламыз", — деді Дос Сарбасов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз