Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында алматылық “Қайрат” футбол клубы сырт алаңда “Қызылжарды” 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Матч басында алаң иелері белсенді ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда Темірлан Анарбеков өз шебінде сенімді ойнап, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бірінші таймның ортасына қарай “Қайрат” ойын тізгінін қолға алып, қысымды үдете түсті. Нәтижесінде Дастан Сәтпаев қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты.

Дастан Сәтпаев өз голын 2023 жылы "Қайрат" U-18 сапында бірге ойнаған Диас Төлеуге арнады. Бұдан бөлек "Қызылжар — Қайрат" матчы өмірден ерте кеткен жас футболшылар — Арон Мұса мен Диас Төлеуді еске алу мақсатында бір минут үнсіздіктен басталды.

Екінші таймда “Қызылжар” есепті теңестіруге тырысқанымен, 68-минутта Арсен Буранчиевт тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуылуы жағдайды қиындатып жіберді. Бір ойыншысынан айырылған алаң иелері қалған уақытта есепті өзгерте алмады.

Осылайша Сәтпаевтың 1 гол “Қайратты” жеңіске жетті. Нәтижесінде Қайраттықтар турнирлік кестеде бірінші орынға тұрақтады. Енді 19 қазан кестеде екінші орында тұрған “Астана” өз алаңында “Ақтөбені” қабылдайды. Астаналықтар жеңіске жете алмаса “Қайрат” чемпион атанады.