Базалық мөлшерлеме төмендеуі жылжымайтын мүлік нарығында баға тұрақталуы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеме өсуі инфляцияны төмендетуге, демек жалпы баға өсімін, соның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
"Базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады", — деді ол Ұлттық банктегі брифинг барысында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!