​Мұндай сый-құрмет мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жасалып отыр.


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала өкілдерін Мемлекет басшысының атынан құттықтап, 60 пәтер мен 13 мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Тұрғын үймен қамтамасыз ету іс-шарасы театр, филармония, музей, кітапхана, архив, білім беру ұйымдары және мәдениет саласының басқа да мекемелерінде еңбек ететін қызметкерлерді қамтыған. Олардың қатарында артистер, оқытушылар, музыканттар, архив қызметкерлері, кітапханашылар мен техникалық мамандар бар.

Сонымен қатар, мәдениет және өнер қайраткерлеріне отандық мәдениетті, әдебиетті, музыканы, театр және хореография өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар тапсырылды.

Соңғы жылдары Қазақстанда мәдени инфрақұрылым қарқынды дамып келеді деуге негіз бар. Соңғы бес жылда елімізде 150-ден аса мәдениет нысаны ашылып, тағы 64 нысан салынып жатыр.