Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ертуған Зейнуллинов бұл кезеңде ұлыбританиялық Патрис Мугалзаймен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қарсылас басым түсті. Бірақ екінші және үшінші үш минуттықта отандасымыз жеңісті жұлып алды.

Осылайша Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget