Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың үшінші күні татамиге 73 келі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз Есет Қуанов шықты.
"Алғашқы кездесуінде ол Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жоан-Бенжамен Габадан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Осылайша әлем чемпионатының үшінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан еншісінде Әбиба Абужақынова жеңіп алған бір күміс медаль бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!