Ақмола облысында әкесі мен баласына жай түсіп мерт болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Зеренді ауданы Ақадыр ауылының екі тұрғыны қаза тапты. Қайғылы оқиға 1 маусымда Ақадыр ауылының маңындағы жайылымда болған. Алдын ала мәлімет бойынша мал бағып жүрген кезде найзағай түсіп, әкесі мен кәмелетке толмаған ұлы оқиға орнында көз жұмған.

Зеренді ауданы әкімдігіне бұл оқиға туралы телефон арқылы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде полиция бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барған.

Облыс әкімдігі өкілдері оқиға жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін мәлімдеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget