Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 18 мамырда Май ауылында 48 жастағы ер адамның сүйегі табылған.
"Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған полицияның редакцияға берген жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық әкімдік растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!