Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс циклонның жырасы және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Елдің көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, қатты жел соғып, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады.

Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:

Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстары, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы, орталығы, Қостанай облысының солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі, шығысы, Ақмола облысының оңтүстігі, батысы, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстік-шығысы, Қызылорда облысының батысы, орталығы, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстігі, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі, орталығы.

Ал төтенше өрт қаупі күтілетін аймақтар:

Қызылорда, Қарағанды облыстарының оңтүстігі, солтүстігі, Манғыстау облысының солтүстік-шығысы, Атырау облысының орталығы, солтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі, шығысы, Павлодар облысының солтүстік-шығысы, Жетісу, Абай облыстарының шығысы, Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі, орталығы, Түркістан облысының солтүстігі, Ақмола облысының оңтүстік-шығысы.