Өңірлерде де ағза ауыстыруға кезекте тұрғандардың саны көп. Мәселен, Ақтөбе облысында донорға мұқтаж 300 адам бар.
Науқастардың дені бүйрек дертіне шалдығып, гемодиализ аппаратына таңылғандар. Облыстық медициналық орталығында аталған операция 2014 жылдан бері бар. Осы уақыт аралығында 69 реципиентке бүйрек, 12 адамға бауыр трансплантациясы жасалды. Олардың тоғызы мәйіт донорынан. Алайда қоғамда трансплантологияға, әсіресе мәйіттен ағза мүшелерін алуға қарама-қайшы пікір қалыптасқан. «Трансплантология тек донордың келісімімен жүзеге асуы тиіс», — деген көзқарас басым. Бұл мәселеге қатысты Ақтөбе тұрғындарының пікірін білдік.