Австралияда атыстан кемінде 12 адам қаза тауып, 60 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Қайғылы оқиға Сидней қаласындағы Бонди жағажайында, еврейлердің Ханука мерекесін атап өту кезінде болған. Белгісіз адамдар жұртқа оқ жаудырғаннан кейін жаппай дүрбелең басталған. Шабуылға не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуылдаушылардың бірін атып өлтірді. Тағы бір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ABC News басылымы мәлім етті. Қазір аумақ қоршауға алынып, тінту жүріп жатыр.