Түркістан облысында өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат. Дәрігерлердің айтуынша, қайғылы жағдайдан аман қалған үш науқас Жетісай аудандық ауруханасына жеткізілген. Барлығы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Денелерін күйік шалған науқастар өкпенің жасанды желдеткіші апаратына қосылды.

Еске сала кетейік, кеше Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан. Олардың 9-ы бала.

Мадияр Бүгібаев, Жетісай аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары:

- Құтқарушылар келген сәттен зардап шеккендердің бірі, 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Денесінің 12%-ін күйік шалған. Тағы 2 зардап шеккен 1991 және 2018 жылы туған азаматтардың денесі 30% және 11% күйгендіктен жедел ауруханаға жеткізілді. Шымкентте санавиация ұшып шықты.