Перуде көшкін салдарынан 13 адам опат болды. Өзен арнасынан тасып, екі қайық аударылды. 28 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті.

Ауыр жарақат алған 20 адам ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Апат ауданында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.