Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.

"Маған тұсаукесер жасап берген әжем, бір күнде бірнеше рет бір ауылдан екінші ауылға жаяу барып келетін жан еді. Сол кісіден маған да осы шексіз энергия дарыған шығар, деп ойлаймын.

Бірақ менің энергиям да Жұмабектің @zhumabek_zhanykulov жанында түк емес. Оның ішкі күші — күн сәулесіндей, айналасындағының бәрін қуаттандырады.

Қазақтың тұсаукесер дәстүрі жай ғана ғұрып емес. Бұл — жолың ашық болсын, бағың жансын, жақсы адамдар жолықсын деген үлкен бата мен сенімнің белгісі", — деп ойымен бөлісті ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)