Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның жақын құрбысы, танымал дизайнер Аида Кауменова оның қызының бөлмесін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуырда ғана Динара Сәтжан мен оның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жаңа үйге қоныстанып, туыстары мен достарына қоныс той ұйымдастырған болатын.

Аида Кауменова желіге Динараның жалғыз қызына арналған бөлмені көрсететін видео жариялады. Заманауи үлгіде безендірілген кең әрі жарық бөлмеде жеке жуынатын бөлме де бар екен.

Алайда бейнеролик астындағы пікірлер екіге бөлінді. Көпшілік көріністегі сәнді интерьерге емес, Жұмабек Жанықұловтың жеке өміріне назар аударып, сын пікірлер қалдырған.

«Өз балаларын тастап, өзге әйелдің балаларына қамқор болып жүр ме?», «Мұндайды жариялау артық пиар емес пе?», «Біреудің отбасын бұзып, енді сонымен мақтанып жүр ме?» – деген сынды жазбалар желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АИДА КАУМЕНОВА (@aidakaumenova_official)