Биыл 362 қазақстандық оқушы халықаралық пәндік олимпиадада топ жарды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 119 медальға көп. Ұлттық құрама қоржынына түскен жүлделердің 41-і алтын, 127-сі күміс, 194-і қола. Бір ғана физика пәнінен Азия олимпиадасында отандастарымыз 4 күміс пен 4 қола қанжығалады. Білім додасында жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлерге қазірдің өзінде бірнеше шетелдік жоғары оқу орны тегін грант ұсынып отыр.

Әмір Пішенбай, халықаралық олимпиада жүлдегері:

Болашақта ғалым болғым келеді. Мен осы жылы Англияға түстім. Ол негізі бүкіл әлемде университеттер арасында екінші орында. Сонымен қатар Англияда тағы да Юсиел университетіне, сонымен қатар Уорвик және Бристал университетіне қабылдандым.

Жанел Өтеулі