Астанада осы аптада да қарбалас. Елордаға алыс-жақын шет елдерден дін көсемдері келе жатыр. Араға үш жыл салып, өтетін маңызды шараның биыл VIII отырысы. Татулық пен бейбітшілік сынды қастерлі ұғымдардың қадірі қашып бара жатқан алмағайып заманда дін өкілдерінің бір үстелде бас қосуы аса маңызды.