«Заң мен тәртіп» қосымшасына 30 мыңға жуық хабарлама түсті. Онлайн қызмет мемлекет басшысының бастамасымен биылғы маусым айында іске қосылды. Азаматтар сервиске egov-мобайл арқылы немесе кез келген банк қосымшасынан кіріп, алдынан шыққан құқық бұзушылық жайлы хабарлай алады.