Израиль әскері Газа қаласында жаңа әскери операция бастады.

Осыған байланысты аймақ тұрғындарынан басқа өңірлерге көшу талап етіліп жатыр. Салдарынан мыңдаған палестиналық үйлерін тастап, бас сауғалап қашуға мәжбүр. Еврей билігі болса ХАМАС қалған тұтқындарды босатпаса, кең ауқымды соққылар жасайтынын ескертуде. Аймақтағы дәрігерлер анклавтан науқастарды көшіру мүмкін еместігін айтады. Ал бейбіт тұрғындар Газа секторында паналайтын қауіпсіз жер қалмады деп отыр.

Ааэд Кафарна, Газа қаласының тұрғыны:

- Газада бас сауғалайтын жер қалмады. Қайда барсақ та әуеден соққы жасалады. Газаның ешбір жерінде қауіпсіздікке кепіл жоқ. Үйлердің бәрі тас талқан етілді. Қайда баратынымызды білмей шарасыз күйдеміз. Алладан жәрдем тілеуден басқа амал қалмады.