Ақмола облысында балаларға 23 мыңнан астам педагог білім берсе, мектептерге жыл сайын 450 жас маман келеді. Бұл туралы бүгін Қосшы қаласында өткен облыстық тамыз педагогикалық конференциясында айтылды. 300-ден астам мұғалім бас қосқан жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Конференция тақырыбы білім беру келешегіне арналды. Мамандар цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талқылап, пікір алмасты. Өңірлік білім беру жүйесінің мамандары марапатталды. Вице-премьердің айтуынша, бәсекеге қабілетті, болашақтың сын-қатерлеріне дайын ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз . Ал жасанды интеллект пен жаңа технологиялар мұғалімнің көмекшісіне айналып, шығармашылық пен дамуға көбірек мүмкіндік ашуы тиіс

Гауһар Шапенова, ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Қазіргі заманның талабы – ЖИ-ді оқыту процесіне енгізу. Мысалы, маған өте ұнайтыны және оқушыларды қызықтыратыны ол жасанды интеллектті сабақта қолдану. Жиі біз пайдаланатын — ол СhatGPT және Character.AI. Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту үшін қолданамыз.

Темірлан Нұржанұлы