«Эпл» АҚШ-тан тыс жерде телефон өндіруін тоқтатпаса, 25 пайыздық баж салығын төлейтін болады .

Дональд Трамп осындай ескерту жасады. Американдық компания зауыттарының біразы Қытай мен Үндістанда орналасқан. Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысына байланысты "Эпл" Қытаймен байланыстарын қысқартуға мәжбүр. Сөйтіп, келер жылы Үндістандағы зауыттарын кеңейтіп, мұнда жыл сайын 60 миллионнан аса телефон өндіруге ниетті. Ал бұған Дональд Трамп қарсы болып отыр. Ақ үй басшысының ескертуінен кейін өндіруші акциялары 3 пайызға арзандаған.