Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Дональд Трамптың Қытайға мемлекеттік сапармен баратынын ресми түрде растады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен АҚШ президенті Дональд Трамп 13-15 мамыр күндері Қытайға мемлекеттік сапармен барады", – деп хабарлады Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Бұған дейін Ақ үй Трамптың Қытайға сапары 14-15 мамырға жоспарланғанын айтқан болатын. Бұл 2017 жылдан бері АҚШ президентінің Қытайға жасаған алғашқы сапары болмақ.
Екі елдің көшбасшылары 2025 жылғы 30 қазанда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен АТЭС саммиті аясында жүздесті. Бұл алты жыл ішіндегі олардың алғашқы бетпе-бет кездесуі болды.
Reuters-ке сілтеме жасаған "РиаНовости" агенттігінің хабарлауынша, Трамп сапар барысында Қытаймен Ресей және Иранға қатысты мәселені талқылауы мүмкін.
Негізінен АҚШ президентінің Бейжіңге сапары бастапқыда 31 наурыз – 2 сәуір аралығына жоспарланған еді. Бірақ та, Ирандағы ахуалға байланысты сапардың мерзімі кейінге шегерілді.