Ұйқы гормоны кешкі сағат 21:00 шамасында белсенді түрде өндіріле бастайды және түн ортасына қарай шарықтау шегіне жетеді, сондықтан түнгі сағат 23.00-ге дейін ұйықтаған дұрыс. Бұл туралы невропатолог Владимир Мартынов айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Ұйқы гормоны мелатонин кешкі сағат 21:00 шамасында белсенді түрде өндіріле бастайды және түн ортасына таман шарықтау шегіне жетеді. Сондықтан түнгі сағат 23:00-ге дейін ұйықтаған дұрыс. Сағат 2 немесе 3-те ұйықтайтындар сегіз сағат ұйықтаса да, жиі шаршайды", — деді ол.
Сонымен қатар, Владимир Мартыновтың айтуынша, толық қалпына келу үшін ересек адамға жеті-тоғыз сағат ұйықтау керек.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ересектер мен балалар қанша сағат ұйықтағаны жөн екенін айтты.
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл сауал адамның жасына байланысты екенін мәлімдеді:
- жаңа туған нәрестелер (0-3 ай): 14-17 сағат;
- сәбилер (4-12 ай): 12-16 сағат;
- 1-2 жастағы балалар: 11-14 сағат;
- 3-5 жастағы балалар: 10-13 сағат;
- 6-12 жастағы балалар: 9-12 сағат;
- 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: 8-10 сағат;
- ересектер, яғни 18-64 жастағылар: 7-9 сағат;
- 65 жастан асқан қарттар: 7-8 сағат.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!