Halyk Bank OnlineDuken платформасы арқылы бір жылда кәсіпкерлерге 2,51 млрд теңге бонус ұсынды.
«Үй жанындағы» шағын дүкен иелері үшін арнайы жасалған цифрлық платформа былтыр қыркүйекте іске қосылған болатын. Сенімді жеткізушілерді бір жерге топтастырған платфораманы бүгінде 14 мыңға жуық кәсіпкер қолданып отыр.
«Бұрын шағын дүкен иелері тауар сатып алу үшін әр жеткізушімен жеке жеке жұмыс істейтін. Бұл көп уақытты алады, әрі тапсырыстар тұрақсыз болатын. OnlineDuken іске қосылғалы тауар сатып алу жеңілдеді», — дейді кәсіпкерлер. Оның үстіне платформадағы әрбір төлем үшін 5-25 пайыз аралығында бонус алуға мүмкіндік бар.
Бағила Медетова, жеке кәсіпкер:
- Халық банкттің ішіндегі OnlineDuken платформасының ең ыңғайлы жағын айтып кететін болсам, өте көп фирмамен анық, тынық жұмыс істеуге болады. Сіздің Халық банкке жиналған ақшаңызды қолыңыздағы телефонмен отырып, ешқандай ақшаңызға зиян тигізбей, төлем жасауға болады. Өте ыңғайлысы, сол жасаған төлеміңіз үшін өзімнің есепшотыма 5 пайыз ақша түсіп тұрады.
«Шағын дүкен үшін әр теңге маңызды. Сондықтан OnlineDuken кәсіпкерге тек тауар сатып алу үшін ыңғайлы ғана емес, нақты пайда әкеледі», — дейді Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Сартаев. OnlineDuken-де жиналған бонусты кәсіпкерлер платформада қайта төлем жасау үшін пайдалана алады.
Дәурен Сартаев, Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
- Дистрибьюторға тапсырыс беріп, төлем жасаған кезде шағын дүкен иесі кэшбэк алады. Әр тауар номенклатурасына байланысты пайыз әртүрлі, жалпы бұл өте қомақты қаржы. Кәсіпкер бұл қаражатты сол платформаның өзінде қайтадан сатып алуға бағыттай алады.
Банк өкілінің айтуынша, бонустық бағдарлама дистрибьюторлардың жұмысына да оң әсер етіп отыр. Дүкендер тарапынан тапсырыстың артуы — сатып алу көлеміне ықпал етеді.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Джакупов