Биыл елде астық жинау жағынан ел тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд тіркелді. Ала жаздай тер төгіп, еккен егін 27 млн тонна өнім берді. Дегенмен бөркімізді аспанға атып, қуануға әлі ерте. Қамбаға құйылған астықтың ебін тауып, пайдаға жарата аламыз ба? Оның сапасы қандай? Соңғы шаруаны тиянақты орындамасақ, қоймадағы астық шіріп, не мал азығына айналуы мүмкін. Бүгін осы тақырып төңірегіндегі мәселелер «Түйін» бағдарламасында талқыланады.