Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы университетінде жасанды интеллект орталығы құрылады . Бұл арқылы мамандар экономика салаларын цирландыруды жоспарлап отыр. Қазір жоғары оқу орнында 6 мыңға жуық студент арнайы курстан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар олар АҚШ-тың Аризона университетімен бірлесіп қажетті мамандарды даярлайды.
Әминә Бейсенәлі Манаш Қозыбаев атындағы университетіне қосдипломды халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша информациялық жүйе және басқару мамандығына оқуға түсті. 2 курс студенті ағылшын тілін меңгеріп, қазір IT саласының қыр-сырын меңгеріп жатыр.
Әминә Бейсенәлі, студент:
- Английский деңгейіміз нөлден бастап келді. Бізге английский деңгейімізді көтеріп берді. Ал, апайлар көптеген көмектерін көрсетті. Және шетелден Аризона университетінен бізге эдвайзерлер келді. Бізге ағылшын тілін үйретті. Спининг жағынан көптеген көмектерін көрсетті бізге.
Петропавлда Аризона университетінің филиалы 2022 жылы ашылды. Қазір мұнда ақпараттық жүйе, биотехнология, бастауыш және инклюзивті білім беру мен педагогикалық психология мамандықтары бойынша 350-ге жуық студент білім алады. Оларға АҚШ-тан келген оқытушылар құрамы дәріс береді.
Саманта Очард, Аризона университетінің профессоры:
- Біз Манаш Қозыбаев университетімен бірлесе оқу бағдарламасын құрадық. Бұл сутеднттерге сапалы білім беруге жол ашады. Қазір олардың бір тобы Ариознада дәріс алып жатыр. Болашақ мамандар Қазақстанға оралып, елдің дамуына зор үлес қосады деп ойлаймын.
Қазір университетте 16 мемлекеттің азаматты оқиды. Білім беру бағдарламасының барлық бағытына жоғары иннелект енгізілген. Енді жоғары оқу орнында арнайы орталық ашыла
Ербол Исақаев, университет ректоры:
- Бұл орталықта жасанды интеллекті ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету, көлік және тағы басқа салаларға енгізу жолдары қаралады. Сондықтан бұл іске мүдделі мамандарды әріптестікке шақырамыз. Сонымен қатар университетте ғарыштық бақылау және геосаясат ахуалдық орталығы құрылады.
Бұл орталықта су ресуртары және ирригация, жерді пайдалану, қала инфроқұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы салаларын цифрландыру жобалалары жүзеге асырылады. Мамандар терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жасанды интеллект үрдісін дамытады.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков